Қазақстандық ғалым ЖИ көмегімен жер сілкінісі болатын эпицентрлерді болжаған

31 қаңтар 2024 16:00 / Новости Казахстана

Қазақстандық ғалым Марат Нұртасұлы жасанды интеллект көмегімен статистикалық зерттеу жасап, 6 баллдан жоғары жер сілкінісі болатын эпицентрлерді болжаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады. 

2023 жылы жас ғалым Марат Нұртасұлы бастаған топ жасанды интеллект көмегімен статистикалық зерттеу жасап, 6 баллдан жоғары жер сілкінісі болатын эпицентрлерді болжаған.

Мақалада өткен 100 жылдағы жер сілкіністерді негізге ала отырып, сілкініс болатын аймақтарды дәл көрсеткен.

Мараттың мақаласы 2023 жылдың қараша айында Engineered Science журналында жарияланған

23 қаңтарда жер сілкінгелі бері Марат Нұртасұлының мақаласына шет ел ғалымдары назар аударып жатыр екен.

Әсіресе Қытай сейсмологтары қызу талқылауда дейді Марат.

Жасанды интеллектіні, Data Science-ті меңгерген Марат Нұртасұлы секілді ғалымдарға өз мемлекетіміз назар аударып, зерттеулеріне қолдау жасауға тиіс, деп жазады Tanym Media.

Серіктес жаңалықтары