Қазақстандық мобилографтар New York Film Academy-да оқуын бастады
Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған республикалық мобилография фестивалінің 20 финалисі бір апта Лос-Анджелестегі Нью-Йорк киноакадемиясының білім аудиторияларында өткізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Американдық кино өндірісі мен 3D анимацияны жан-жақты оқыту бойынша жетекші ЖОО бірінде қазақстандықтарға түсірілім процесінің технологиялары туралы баяндалады.
Смартфонның техникалық мүмкіндіктеріне ауысқан классикалық түсірілім стандарттары «тік» аталатын кинода бірнеше жыл бойы қолданылып келеді.
Оқу бағдарламасы күрделі, онда қатарынан бірнеше пән оқытылады. Жобаның ең жас қатысушыларының бірі Мырзабек Қуатбай небәрі 18 жастағы. Ол алғашқы оқу күнінен алған эмоциясымен бөлісті:
«Мильдік жол шағын қадамдардан басталады. Алғашқы қадамды да жасадық, мен табысқа жететініме сенімдімін!», — Мырзабек оқудан алған әсерімен бүгінгі қысқа оқиғалар стандарты талап еткендей қысқа, астарлы, бірақ эмоционалды түрде суреттеп берді.
Қазақстандықтар режиссер, актер, сценарийші, продюсер, оператор, фотограф және бейнеойын дизайнерлерін дайындайтын АҚШ-тың жетекші университеті New York Film Academy қабырғасында ұялы телефонға түсіру мен монтаждаудың кәсіби стандарттарын үйренетін болады. Университеттің негізін қалаушы — Голливуд продюсері Джерри Шерлок. Оның негізгі қағидасы былай тұжырымдалған: кине өнеріне тәжірибе арқылы үйрету.
Сапарбек Жақсылықтың айтуынша, курс режиссураның қыр-сырын, қол камераларының техникалық сипаттамаларын, түсіру, монтаждау кезеңдерін үйренуден басталды.
«NYFA — мен білім алып жүрген төртінші ресми университет. Мүндағы білім сапасы мен ұстаздардың сабақты шабыттанып оқытуға деген ұмтылысы қуантады. Жоғары деңгейдегі кинотехнологиялармен танысу және олармен жұмыс істеу мамандыққа деген қызығушылықты арттырады. Осы мүмкіндік үшін „Dara“ қорына алғыс айтамын, өйткені NYFA-да білім алу маған қол жеткізу қиын арман сияқты көрінді», — деп бөлісті Сапарбек Жақсылық.
Жобаның амбассадоры Асхат Шыналиев фестивальдің басталуы, оған өтінім қабылдау және бақытты «жиырмалықтың» таңдалуы туралы еске алғанда қатысушылар тарапынан мұндай қызығушылықтың артатынын және жеңімпаз жұмыстарының осыншама жоғары деңгейде болатынын күтпегенін айтты.
Бейнеөтінімді 16 мен 40 жас аралығындағы 7 мыңнан астам мобилограф жіберген. География — бүкіл Қазақстанға дерлік. 100 жұмыс жобаның соңғы кезеңіне өтті. 40 финалист ақшалай сыйлыққа ие болды, 40 қатысушы мобилографияның онлайн курсын аяқтады, ал үздік жұмыстардың 20 авторы Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға мүмкіндік алды. Бұл жобаның соңғы кезеңі.
«Бүгін оқып жүргенімізге екінші күн. Editing day — монтаждау сабағы. Сабақ барысында біз көп ақпарат аламыз, көп нәрсені қате түсіретініміз белгілі болды және бұл жерде фильмді нақты қалай түсіру керек, оны қалай өңдеу керектігі толық көрсетілген. Ешбір елде болмаған жобаға қатысуға мүмкіндік берген „Dara“ қорына алғыс айтамын, осындай жобалар көп болғанын қалаймын. Ал финалистеріміз жобаны аяқтағаннан кейін Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына әсер етіп, білімдерімен бөлісіп, мобилографияны жеке салаға айналдырып, басқаларға әсер етеді деп тілеймін», — деді Асхат Шыналиев.
«Dara» Президенттік бастамалар қорының жетекшісі Әсел Шілдебаеваның пікірінше, жоба өз миссиясын орындады. Республикалық мобилографтар байқауы үш мәселені шешті: шығармашылық мамандықтарды танымал ету, таланттарды қолдау және жеке қабілетін іске асыруға мүмкіндік беру.