Қазақстандықтар маусымда қалай демалады?
15 мамыр 2025 11:02 / Новости Казахстана
Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі, деп хабарлайды Arbat.media.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым - демалыс күндері.
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым - демалыс, 7 маусым - жұмыс күні, 8 маусым - демалыс.
ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт басталатын күн мамырдың соңына қарай нақты жарияланады, бір күнге ауысуы да мүмкін.
Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл кезде әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.
9 қыркүйек 2026 18:18 / Новости Казахстана
Ақтөбе облысында үй өртініп, бір адам қаза тапты
9 қыркүйек 2026 17:13 / Новости Казахстана
Түркістанда күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелге қатысты тың дерек шықты
9 қыркүйек 2026 16:20 / Новости Казахстана
Ақмола облысында абайсызда атылған оқ 64 жастағы ер адамның өмірін қиды
9 қыркүйек 2026 15:22 / Новости Казахстана
Лондонға бағыт алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонды
9 қыркүйек 2026 14:12 / Новости Казахстана
Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жұмысшы көз жұмды
9 қыркүйек 2026 13:30 / Новости Казахстана