Қазақстандықтар SIM-картаны тіркеуде биометриядан өтуге міндеттеледі

20 қазан 2023 14:05 / Новости Казахстана

Шетелдік алаяқтарға SIM-карта тіркеуге көмектескен қазақстандықтарға құқықтық жауапкершілік енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты.

«Көптеген адамдар «Ауыстырылатын нөмірлерді бұғаттау жүйесі болса, алаяқтар шетелден қалай қоңырау шала алады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған екі себеп бар. Біріншісі – олар қазақстандық ұялы байланыс компанияларының нөмірлерін пайдалана бастады. Сол баяғы «дроперлер» ақылы түрде электронды SIM-карталарды өз аттарына тіркеп, оны алаяқтарға береді. Осылайша қылмыскерлер WhatsApp қосымшасында тіркеледі. Оны іске қосқан соң, алаяқтар жәбірленушілерге мессенджер арқылы қоңырау шалады, мұндай жағдайда олардың орналасқан жерін анықтау қиындайды», – деп түсіндірді ІІМ өкілі.

Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ. Бұл іс жүзінде осындай әрекеттерді кедергісіз іске асыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бұл олқылық жойылуда. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы (Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу) осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады.

Сондай-ақ бақылау шараларын күшейту үшін Цифрлық даму министрлігі «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына» толықтырулар жобасын әзірледі, оған сәйкес телефон нөмірлерін тіркеу кезінде азаматтар «биометриядан» өтуге міндетті болады. Бұл шара азаматтық жауапкершілікті арттырады және ұялы байланыс қызметтерін пайдалануда тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары