Қазақстандықтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі

15 мамыр 2026 9:25 / Новости Казахстана

2023 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң азаматтарға қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Сенат отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ресми мәліметке сәйкес, заң күшіне енгеннен бері 66 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған.

Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдары арқылы 65 765 азамат банкрот деп танылып, олардың 134,8 млрд теңге қарызы есептен шығарылған. Ал сот тәртібімен 632 азамат банкрот деп танылып, 115 млрд теңге қарызы жойылған.

Жалпы алғанда, 66 397 азаматтың шамамен 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылған.

Сонымен қатар 1 118 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданған.

Серіктес жаңалықтары