Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін

18 шілде 2024 4:00 / Новости Казахстана

Елімізде тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Аталған қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің 2 200 АЕК мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеуді ұсынып отыр. 2024 жылғы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі – 3 692 теңге. Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн 122,4 мың теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал, микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз кредит берудің сомасы екі есе төмен, яғни микроқарыз көлемі 4 млн 61,2 мың теңге болса кепілсіз бермеуді жоспарлап отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатта жобаның әлеуметтік маңызы жоқ екендігі айтылған. Мақсат – несие беру тәжірибесін банктер мен микроқаржы қызметі туралы қолданыстағы заңдардың нормаларына сәйкес келтіру.

Айта кетейік, жаңа нормалардың кепілдендірілген несиелерге қатысы жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары