Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға қонды
11 желтоқсан 2023 3:40 / Новости Казахстана
Қазақстан Палестинаға бөлген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Мысырға барып қонды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді.
Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді.
Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар. Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді.
Гуманитарлық көмек "Қызыл жарты ай" қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады.
28 қазан 2026 17:57 / Новости Казахстана
Қызылорда облысында такси жүргізушісі шетелдіктерге жолақысын қымбаттатып жіберген
28 қазан 2026 14:21 / Новости Казахстана
Трамп Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты
28 қазан 2026 13:24 / Новости Казахстана
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала күйіп қалған
28 қазан 2026 12:28 / Новости Казахстана
Астанада полицейлерден скутермен қашқан жасөспірім ұсталды
28 қазан 2026 11:19 / Новости Казахстана
Діни ұстаз жасөспірімдерге зорлық көрсетті деген күдікке ілінді
28 қазан 2026 10:10 / Новости Казахстана