Қазақстанның Халық әртісі қайтыс болды

6 қазан 2025 17:45 / Новости Казахстана

Танымал дәсүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанова қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанованың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.Майгүл Ибрагимқызы – қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге үлес қосқан қайталанбас дауыс иесі, ұлт мақтанышы еді. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы туындыларын асқан шеберлікпен орындап, ұлттық мәдениетіміздің бай қазынасын әлемге танытты.Өнер жолын әйгілі Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігіндегі «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде бастаған Майгүл Ибрагимқызы өмір бойы қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға адал қызмет етті. Оның орындауындағы шығармалар ел жүрегінен орын алып, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылды.

Серіктес жаңалықтары