«ҚазАвтоЖол» тағы қарыз алады

31 қазан 2024 17:00 / Новости Казахстана
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«ҚазАвтоЖол» тағы да қарыз алатын болды. Азияның даму банкі 291 миллион доллардың несиесін мақұлдады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының жаңалықтарында айтылды. Берешек теңгемен және мемлекеттің кепілдігімен рәсімделген. Бұл қаражат Орталық Қазақстанда жол жөндеуге жұмсалмақ. Яғни Қызылорда мен Жезқазған арасын жалғайтын автомагистраль қалпына келтіріледі деп жоспарланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компания болғандықтан қаржылық дербес ұйым емес. Берешек бойынша министрлік пен үкімет айналысады. Бастысы қарызды кешіктірмей төлеп отырмыз. Биыл ол үшін 140 млрд теңге бөлінді. Келер жылға тағы 600 млрд теңге қаралған», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Бұған дейін хабарланғандай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Серіктес жаңалықтары