ҚМА қызметкерлері медициналық ұйым басшысынан 15 млн теңге талап еткен
17 тамыз 2026 11:16 / Новости Казахстана
Түркістан облысында өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар медициналық ұйым басшысынан 15 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар медицина мекемесінде «заңбұзушылықтар анықталғанын» айтып, басшылықты қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Ал егер ақша берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде берген.
Екі адам медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге алуға тырысқан. Олар бастапқыда 5 млн теңгені алып, кейін қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.
8 тамызда күдіктілерді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ақша алып жатқан жерінде ұстады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана