Қонаев қаласындағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
Қонаевтағы Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тарихи тұлғаның есімі қала көшесіне берілуіне байланысты Қонаевта салтанатты іс-шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бұған дейін Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілген болатын.
Сондай-ақ Қонаевтағы «Жеңіс» паркінде тәжік-ауған шекарасында, Қарабақ пен Ирак Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушы сарбаздардың құрметіне мемориалды тас ашылды.
Фото: Қонаев әкімдігі