Қонаевта түнгі уақытта әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздар жазаланды

22 шілде 2024 18:00 / Новости Казахстана

Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тәртіп бұзған екі сарбазға байланысты әкімшілік ісі қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

- Осы жылдың 8 шілдесінде Н. және М. күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды облыстық соттан.

Сондай-ақ әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария етуіне Н. және М.-нің қызметтестері шақырылғаны хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары