Қордай ауданында «Lexus» пен «Tank 500» көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

3 маусым 2026 11:30 / Новости Казахстана

Жамбыл облысындағы тас жолда болған жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жол апаты Жамбыл облысының Қордай ауданында «Lexus» және «Tank 500» автокөліктерінің қатысуымен болған.

«Қордай ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі қаза тапты, қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі жол жиегіндегі иілген металл қоршауға жанамалай соғылып, салдарынан көлік айналып кетіп, жолдың жүріс бөлігінде тоқтаған. Кейін «Tank 500» көлігінің жүргізушісі тежеліп үлгермей, «Lexus» көлігімен соқтығысқан», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары