Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы ақша жымқырғаны үшін ұсталды

3 маусым 2026 10:15 / Новости Казахстана

Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, олар өзге адамдармен топтасып, бөлімге қарасты мекемелерге (мектептерге) бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу деректеріне сәйкес, 1 маусым күні күдікті тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында тінту жүргізілген.

«1 маусымда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен, ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен Қостанай қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ басшысы Г.А.Ұразбаева ұсталды», деп хабарлады ҰҚК департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары