ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдеме жасады

23 маусым 2025 10:11 / Новости Казахстана

ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімде жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімде жасап, мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажеттігін ескертті.

АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігімізде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.

Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз, - делінген мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары