ҚТЖ-дан дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

22 қараша 2024 20:27 / Новости Казахстана
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері «Қазақстан темір жолы» компаниясынан дизель отынын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизоды бойынша әшкереленіп, «Қазақстан темір жолы» компаниясына 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды»,-делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары