Құрсақтағы нәрестемен әңгімелесіңіздер, келіншектер
Құрсақтағы нәрестемен әңгімелесіңіздер, келіншектер, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Tanym Media телеграм каналы жариялады.
Падуя және Париж-Сите университеттерінің нейробиологтары құрсақтағы нәресте миының дамуына олардың анасынан естіген сөздері әсер ететінін дәлелдеді.
Нәрестелер әлі құрсақта жатса да, анасының сөйлегенін ести алады. Олар түрлі дауыс, музыка және шу сияқты басқа дыбыстарды да естиді. Сәби шыр етіп жарыққа шыға салып анасының дауысын таниды.
Аналары жүкті кезінде көп сөйлескен сәбилердің сөйлеу қабілетіне қатысты ми белсенділігі жоғары болады екен.
Зерттеушілер сәби іште жатқан кезде ми нейрондарының дамуында тіл өте маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келді.
Демек, баланың ана тілінде сөйлеуіне де құрсақтағы кезең ғаламат әсер етеді.
Халқымыздың аяғы ауыр келіншекке ерекше жағдай жасауы, жерік асын беруі, т.б. бала дамуы құрсақтан басталатынын білгендіктен ғой.
Ғылыми мақала Science Advances журналына шықты.