Қырғыз ассамблеясы тасқыннан жапа шеккен қазақстандықтарға көмек жинап жатыр

30 сәуір 2024 12:00 / Новости Казахстана

Қазақ диаспорасы Қырғызстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Алмамбет Матубраимов атап өткендей, Қазақстан үшін осындай қиын-қыстау кезеңде өзі басқаратын қоғамдық ұйым шетте қала алмады, оның барлық мүшелері бауырлас халыққа көңіл бөліп, қолдан келгенше қолдау көрсетуге ниет білдірді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Қырғызстан халқы Ассамблеясы қатты су тасқынынан зардап шеккен көрші Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы бастама көтерді. Тасқын салдарынан аймақтарды су басты. Халық қолдауға мұқтаж. Біз азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, көрпе, матрас және т.б. түрінде гуманитарлық көмек жинаудамыз. Бұл – достық әрекет. Қырғызстан да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет. Қырғыз Республикасы халқы Ассамблеясында 37 ұлттың өкілі ресми тіркелген. Этникалық қоғамдық бірлестіктердің мүшелері табиғи апаттарға байланысты осындай келеңсіз жағдай кезінде бауырлас Қазақстан халқына көңіл бөліп, қолдау көрсеткісі келеді», - деді ол.

Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрайымы Хамар Болотова Қырғызстан халқы Ассамблеясының өкілдері атынан Қазақстанға су тасқынына байланысты қиын жағдайға ортақ болу сөздерін жеткізді.

«Қырғызстанда тұратын қазақтар Қырғыз Республикасы халқы Ассамблеясымен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жинап жатыр. Қоғамдық бірлестік мүшелері көрші елге қолдау көрсету туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Бір шетте қалмай, барлығы көмектесіп жатыр. Қазақ диаспорасы өз халқына шынайы жанашырлық танытып отыр. Қолымыздан келгенше көмектесеміз», - деп қосты ол.

 

Серіктес жаңалықтары