«Қыздың өлімі — 500 мың теңге»: Атырауда Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр

29 қазан 2025 19:33 / Новости Казахстана

Атырауда Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сотталушылардан жауап алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өткен сот отырысында Яна Легкодимова мен Ризуан Қайыржанов арасындағы хат-хабарлар зерттелген еді. Сондай-ақ, қыздың жеке күнделігі талқыланды. Бұл дәйектер іс бойынша маңызды дәлел болды. Кеше, 28 қазан күні сот сотталушылардан жауап алуға кірісті.

Екі сотталушы да куәлік беруден және сот сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Осыдан кейін олардың сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауаптары айтылды. Олар тергеу барысында кінәні мойындамаған еді.

Сотта сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы жасаған кісі өлтіру фактісін мойындады. Бірақ жәбірленушіні жалдап өлтіру және телефон ұрлығын жоққа шығарды.

Сот отырысы барысында Қайыржановтың көлігінен калий перманганаты (марганцовка) табылғаны айтылды. Судья сотталушыдан оның көлігінде неліктен тұрғанын сұрағанда Қайыржанов «қажеттілік үшін» деп жауап берді. Олар қылмыс жасамас алдын калий перманганатын уландыру үшін қолдануға болатынын талқылаған. Тергеу осылайша олар қызды улау арқылы өлтіруді жоспарлады деп санайды.

Сондай-ақ, сотта осы жылдың 20 маусымында өзен жағасында Яна Легкодимованың сүйектерін кездейсоқ тапқан ерлі-зайыптылардан жауап алынды. Олар қыздың тек бас сүйек, омыртқа және қабырғаның бір бөлігін тапқан.

Судья куәгерлерге дене қалдықтарын назардан тыс қалдырмай полицияға хабарлағаны үшін рақмет айтты. Куәгерлер сүйек қаңқаларын тапқан кезді бейнеге түсірген. Сот отырысында бейнажазба көрсетілетін кезде марқұмның анасы сот залынан уақытша шыға тұруды өтінді.

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, залдан уақытша шығуға рұқсат берді.

Бұдан басқа, прокурор бұған дейін сотталушы Алтынбек Катимовтың уақытша ұстау изоляторындағы аудиожазбасын ұсынды. Ол:

«Біз оны суға батырдық. Ризуан екеуміз 2016 жылдан бері доспыз», - деген.

Тергеу Алтынбек Катимов досының өтініші бойынша әрі 500 мың теңге көлемінде сыйақы алу үшін қылмыс жасады деп есептейді.

Жәбірленуші тарап айыпталушылардың іс - әрекеттерін ҚР ҚК-нің «Ұйымдасқан қылмыстық топ», «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша қайта саралауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары