Қызылордада мұғалім әйелін балтамен ұрып, саусақтарын шапқан
23 сәуір 2025 11:13 / Новости Казахстана
Қызылордада мұғалім әйелін балтамен ұрып, саусақтарын шапқан, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдай Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған. Мектеп мұғалімі әйелін балтамен бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан. Сосын өткір құралмен басынан ұрған.
42 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде. Жағдайы әлі де ауыр. Дәрігердің айтуынша, келіншекке политравма диагнозы қойылған. Екі қолы мен оң қолының 2,3,4 саусақтары сынған. Маңдай сүйегінің сынығымен жеткізілді дейді дәрігер.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жалғасып жатыр.
Күдікті 21 жыл бойы мектепте биология пәнінен сабақ берген.
9 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана