Рамазан айы қашан басталады?
Рамазан айы, Ораза және Құрбан айттарының күндері бекітілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені бекітті», – делінген хабарламада.
РАМАЗАН АЙЫ
Қазақстанда қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы мүфтият мәлімдеді.
ҚАДІР ТҮНІ МЕН ОРАЗА
Биыл Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал мұсылмандар Ораза айт мерекесін 20 наурызда атап өтеді.
ҚҰРБАН АЙТ
Мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт биыл 27–29 мамыр аралығында өтеді. Мереке үш күн бойы аталып өтпек.
«Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ерте немесе кешке ауысуы мүмкін», – деп ескертті пәтуа мамандары.
Мүфтияттың түсіндіруінше, һижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып есептеледі. Осыған байланысты азаматтарға алдын ала ескерту жасалды: діни мерекелердің нақты даталары жаңа айдың көрінуіне қарай бір күн ерте немесе кеш белгіленуі мүмкін.