Салық бұзу мен қауіпсіздікті жасанды интеллект анықтайды

19 наурыз 2024 14:29 / Новости Казахстана

ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев салықтық және кедендік әкімшілендірудегі жаңа цифрлық шешімдер туралы айтып берді. Жалпы Қаржы министрлігі бойынша көптеген мәселені шешетін жаңа цифрлық платформа құру жұмыстары басталды. Бұл бюджетті жоспарлаудан бастап, игеруге дейінгі алдын ала бақылауға, отандық өндірушілер туралы толық талдау жасауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Президент тапсырмасымен Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйелеріне, тәуелсіз IT-аудит жүргізу бойынша жұмыс басталды. Оның нәтижесі бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасы қалыптасады. Осыған қарамастан биыл салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды аяқтаймыз. 14 жүйенің орнына тек 5 жүйе жұмыс істейді. Осылайша түбегейлі жаңа, біртұтас цифрлық жүйені әзірлеудеміз», - деді М.Тәкиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бұл бизнесті барлық жұмыс кезеңдерінде қолдаудың сервистік үлгісіне айналады және кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтады.

«Биыл электронды шот-фактура және Тәуекелдерді басқару жүйелерінің функционалын кеңейту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Ол жасанды интеллект элементтері негізінде талдамалық есептеулер жүргізуге және салықтық бұзушылықтар мен тәуекел аймақтарын белсенді түрде анықтауға мүмкіндік береді. «АСТАНА-1» және «Бір терезе» ақпараттық жүйелерінің қолданыстағы функционалы жаңадан құрылған «КЕДЕН» ақпараттық жүйесіне беріледі. Осы жүйе аясында басқа да пайдалы жаңа қызметтер мен модульдер әзірленеді», - деді Мәди Тәкиев.

 

Серіктес жаңалықтары