Сара Назарбаеваның қайда екені белгілі болды
Тұңғыш президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тарап жатқан ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Кейінгі уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар, шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуірден бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылып жатыр", - деді Айдос Үкібай.
Ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырды.