Сарыағашта 3 жастағы қызды дәретханаға лақтырып өлтірген жасөспірім қамалмайтын болды
Былтыр Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған қыз көршінің дәретханасынан табылды. Оның өліміне 17 жастағы жасөспірім кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылы Сарыағаш ауданының Сіргелі шағын ауылында көше дәретханасынан үш жасар Арайдың денесі тапты. Қылмыстық іс хабық қаралды, барлық есімдер өзгертілді.
Бастапқыда ауыл тұрғындары мен полиция жазатайым оқиға болып, қыз дәретханаға өзі кездейсоқ түсіп мерт болды деп ойлады.
Бірақ екі айдан кейін көше дәретханасынан алты жасар Асылымның айқайлаған дауысы шықты. Жақын жерде жүрген ауыл тұрғыны баланың айқайын естіп, қызды дәретханадан шығарып алды.
Өлім аузынан аман қалған Асылым көше дәретханасына 17 жастағы көрші Бағила итеріп жібергенін айтты. Кішкентай қыздың сөздері қылмыстық іс ашылуына себеп болды. Нәтижесінде полицейлер екі ай бұрынғы үш жасар қыздың өлімін де қайта тергеп, тексерді.
Асылымның айтуынша, 2024 жылдың 13 шілдесінде кешке Бағила оны дәретханаға апарып, шұңқырдың саңылауына итеруге тырысқан. Асылым қорғануға тырысқан, алайда Бағила оны тістеп, шашынан жұлып, күшпен төмен итерген.
Тергеу дәретханаға байланысты екі істің де психикалық аурумен ауыратын кәмелетке толмаған қызға қатысы барын анықтады. Ал қыздың анасы оның ауруы туралы тіпті білмедім деп мәлімдеді.
Сот отырысында Бағиланың бұған дейін өзін өлтіруге тырысып, сірке суын ішкені айтылды. Сот-психиатриялық сараптама қыздың дегсаулығындағы «шизофрения белгілері бар жедел полиморфты психотикалық бұзылысты» анықтады. Ол психиатриялық есепке алынды. Заңға сәйкес, психикалық ауруы расталған сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Сот қызға мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараны тағайындады. Ал қыздың отбасы қаза тапқан Арайдың отбасына 20 млн теңге моральдық зиян төлеуі тиіс.