Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды
Пара алды деген күдікке ілінген Сәтжан Аблалиев қызметінен босады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады. 2 тамыз күні Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған нұсқаларда, Аблалиевтің пара алу фактісімен ұсталғаны айтылуда. Атап айтқанда, 78 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара және заңсыз мүдделерді қорғаумен айналысқаны туралы болжамдар бар.
Сәтжан Әйтенұлы 2023 жылғы 6 қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан көлік вице-министрі қызметін атқарады. Ол бұл қызметінің алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Биікжал ауылында дүниеге келген. Ол Алматы автомобиль-жол институтының «Инженер-құрылысшы» мамандығы және Қазақ қатынас жолдары университетін «Инженер-экономист» мамандығын бойынша тәмәмдаған.