Сегіз медициналық анықтама электронды түрде беріледі

9 қараша 2024 15:00 / Новости Казахстана
Фото: med.mcfr.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Енді еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Анықтамалар пациенттің келісімімен электрондық анықтамалар талап етілген мекемеге жіберіледі.

Министрлік осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Электронды түрде берілетін 8 медициналық анықтама:

- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы-

075 / е «Медициналық анықтама»-

026 / е «ДКК қорытындысы»-

073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»-

069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»-

052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»-

076 / е «Қаруға рұқсат алу»-

038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

Серіктес жаңалықтары