Семей орманы реверватында жалақы теңдей өспеген

20 қыркүйек 2023 14:03 / Новости Казахстана

Семей орманы реверваты қызметкерлері мен жұмысшыларының жалақысы теңдей өспеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орманшылардың жалақысы артқанымен, жүргізуші, деспетчер, жалдамалы жұмысшылар еңбекақысы сол күйі қалған. Аталған мәселе бойынша Еңбек министрлігі түсінік берді.

«Елімізде 1 млн 200 мың азаматтық сала жұмысшысы бар. 2020 жылдан бастап (5 жыл бойы) олардың айлығы көбейіп келеді. Жоғарыда аталған 1 млн-нан астам азаматтық сала жұмысшының ішінде 600 мыңы орман саласында еңбек етеді. Олардың жалақысы 4 жылдың ішінде екі рет өседі. Ал 600 мың азаматтық сала жұмысшылардың қатарында орманшылар мен оған теңдес жұмысшылар бар», - дейді ңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Семей орманындағы жағдай бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия мәселенің мән-жайын қарап, жұмыс берушілерді кінәлі деп танып, қазір іс қаралып жатыр. Жалақыға келсек, Иә, орманшылардың жалақысы расында көтеілді, ал басқа категорияға жататын жұмысшылар бойынша (жүргізуші, деспетчер, жалдамалы жұмысшылар) бүгінде Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Автор
Серіктес жаңалықтары