Семейде төрт жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза тапты
13 шілде 2026 16:47 / Новости Казахстана
Семей қаласында төрт жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, тұтқаларды құлыптап, москит торына сенбеуге және терезе маңына жиһаз қоймауға кеңес берді.
26 қараша 2026 15:44 / Новости Казахстана
Жасанды интеллект Қазақстанның 700-ден астам медициналық ұйымында инсульт пен обырды жылдам анықтауға көмектеседі
26 қараша 2026 15:22 / Новости Казахстана
Прокурор белсенді Санжар Боқаевты 12 жылға түрмеге қамауды сұрады
26 қараша 2026 14:45 / Новости Казахстана
Бес адам қаза тапқан өрттің мән-жайы айтылды
26 қараша 2026 13:22 / Новости Казахстана
БҚО-да кеміргіштерден жұғатын инфекцияның 22 жағдайы анықталды
26 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана
ҰҚК мен ІІМ-нің жалған куәліктерін жасаған: Атырауда 39 жастағы тұрғын мемлекеттік органдардың құжатын жасаумен айналысқан
26 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана