Семейде заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды
1 сәуір 2026 18:44 / Новости Казахстана
Семейде заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура және Мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, Семейде заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цехті анықтады.
Тергеу мәліметінше, қала тұрғыны лицензиясыз алкоголь өндірісін ұйымдастырған. Тінту барысында «Finsky Ice» және «Сибирские морозы» атауларымен 12 мыңнан астам дайын өнім, 8 мыңнан аса бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық және жалған маркалар тәркіленді.
Сот шешімімен цех орналасқан үй мен 3 автокөлікке тыйым салынып, ұйымдастырушыға елден шығуға шектеу қойылды. Тергеу жалғасуда.
25 қараша 2026 17:46 / Новости Казахстана
Тоқаев Мәскеуге іссапармен барады
25 қараша 2026 17:36 / Новости Казахстана
Қазақстанда ру атауымен ұйым тіркеуге тыйым салынуы мүмкін бе?
25 қараша 2026 16:39 / Новости Казахстана
Балық аулауға барған үш ер адам Ертіске батып кетті
25 қараша 2026 15:59 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында “Жібек жолы” мен “Гишт-Куприк” өткізу пункттері ашылды
25 қараша 2026 15:25 / Новости Казахстана
Қытайда мемлекеттік құпияны шетелге берген шенеунік өлім жазасына кесілді
25 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана