Шерзат Полатты өлтіріп сотталғандар тағы да дау шығарды

25 маусым 2025 15:23 / Новости Казахстана

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұны адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді. Оның сөзінше, бірінші инстанция сотының үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың судья шығарған шешімге шағымдануға 15 күн уақыты бар.

"Бүгінде сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан, Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен", – деді Шекеев.

Сондай-ақ адвокат Қаржаубайдың реанимацияға түскені туралы жалған ақпараттар тарап жатқаны, шындыққа жанаспайтынын айтты. Айта кетейік, Шерзат Полат ісі бойынша 9 күдікті сот үкімі шыққан еді. Абзал Шынасыл — 23 жылға, Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталған.

Серіктес жаңалықтары