Шерзаттың өлімі: Қамауға алынған күдіктінің туыстары мәлімдеме жасады

17 қараша 2024 16:00 / Новости Казахстана
Фото: Видеодан алынған кадр

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдікті деп танылғандардың туыстары видеоүндеу жолдады.Қамауға алынғандардың туыстары халықтан кешірім сұрады. Сонымен бірге олар марқұмның әкесі мен ағасы да жауапқа тартылуы керек екенін алға тартты.Олардың айтуынша, қаруды алғашқы болып Шерзаттың ағасы Нұрқанат алып шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Олар Шерзаттың сол жердегі жігіттердің бірінің жағын сындырғанын айтады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

«Қаруды бірінші Нұрқанат көлігінен алып шыққан. Балаларға қарай оқ атқан. Балалар тыныш тұрған жерінен Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Өздері мылтық пен пышақ алып шыққан. Содан жігіттер көтеріліп кеткен. Кешірім сұраймыз балаларымыз үшін. Біздікі дұрыс емес. Бірақ балаларды арандатпаса барлығы тыныш шешіліп, барлығы үйіне кететін еді. Олар Шерзатты өлтіреміз деп барған жоқ», – дейді видеоүндеу жолдаған әйел.

Видеоүндеу жасағандар Шерзаттың әкесін халықты дүрліктіріп, жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр.

«Қаржаубай басынан бастап өтірік айтты. Қаржаубай пышақ алып келді ме, жігітше мойындасын. Қаржаубайды да қамасын. Қаржаубайдың әйелі ме, қарындасы ма Нұрқанат атқан оқтарды жерден теріп алған. Ол да жауапкершілікке тартылсын. Ашық сот болса бәріне бірдей болсын. Біз соны талап етіміз», – дейді күдіктілердің туыстары.

Серіктес жаңалықтары