Шетелден әкелінген көліктер заңсыз тіркелген

21 наурыз 2024 9:00 / Новости Казахстана

Ішкі істер министрі Алматы облысында шетелден жеткізілген көліктер заңсыз тіркеуге қойылып жатыр деген ақпаратқа қатысты да жауап берді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімшілік полиция басқармасындағы былық көптен бері айтылып та, жазылып та жүр. Ержан Сәденов бүгін осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

— Бұл жерде қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар қызмет тексерістері де жүріп жатыр. Сол біткен соң жаңа мәлімет береміз. Ал 800 миллион қай адамның қалтасына кеткенін ексеріс шеңберінде нақты береміз, деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов. 

800 миллион теңге деген журналистер жариялаған тізімдегі көліктерге ғана қатысты сан.

Негізі, заңсыздық жүйелі түрде жалғасқан сыңайлы. Сондықтан бюджетке түспей қалған қаржы бірнеше есе көп болуы мүмкін.

Ақпаратқа сүйенсек, Алматы облысындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Әкімшілік полиция басқармасына қатысты Процессинг орталығының қызметкерлері шетелден келген көліктердің құжатын өзгерткен немесе өртеніп кеткен, соғылған және жарамыз болып қалған машиналардың құжатымен тіркеген.

Ол көліктер кімнің атына, қашан, қалай рәсімделгені тізімде тайға таңба басқандай жазылған.

Оның арасында тіпті люкс санатындағы машиналар да бар.

Осы былықтың салдарынан мемлекетке түсуге тиіс утильалым мен алғашқы тіркеу жарнасы жеке адамдардың қалтасына кетіп жатыр деген күдік бар. Енді оны тергеу анықтайтын болады.

 

Серіктес жаңалықтары