Щучинскіде күйеуі қайтыс болған әйелді өлтіріп кетті
Щучинскіде ер адам екі баланың анасын ажал құштырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Sputnik.kz мәліметінше, 36 жастағы Әсем Шабельскаяны танысы аяусыз ұрып өлтірген.
«Сіңілімнің күйеуі 2022 жылы қайтыс болған, өзі ата-енесімен тұрады. Асырауында екі баласы бар. Осыдан екі жыл бұрын бір ер адаммен танысып, көңіл жарастырған. Сіңілім шипажайдағы дүкенде жұмыс істеген, ал өлтірді деген күдікті сол жерде ІТ маманы», - дейді марқұмның туған әпкесі.
Әсемнің 6-8 жастағы екі баласы қалды. Ал өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның жасы 34-те.
«Ер адам Әсемді өлімші етіп ұрған. Ізін жасыру үшін пәтерді жақсылап тазалап, содан кейін ғана ауруханаға апарған. Ол кезде Әсемнің жүрегі соғып тұрған. Бірақ күдікті басын ұрып алды деп айтқан, ұрғанын жасырмағанда дәрігерлер сіңілімді құқарып қалар ма еді», - дейді әпкесі.