Соңғы он жылда 700 бала суға кетіп көз жұмды
Қазақстанда соңғы 10 жылда 2 240 адам, оның ішінде 701 бала суға кетіп көз жұмды. Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі бір апталық республикалық «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясын бастады. Акцияның мақсаты — кәмелетке толмаған азаматтардың жазатайым оқиғағаға ұшырауына және қаза болуына жол бермеу, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биыл шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қазақстан құтқарушылары 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды.
Алайда жаз басталғалы 93 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.
Балалардың қайтыс болу фактілері көбінесе Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстарында тіркелді.
Негізгі себептері — тыйым салынған жерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, шамасына қарамай алысқа жүзу және жүзе алмау.
Осыған байланысты аталмыш өңір құтқарушылары кезекті рейдке шығады.