Сот Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

17 наурыз 2026 21:34 / Новости Казахстана

Пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменованың (бас бостандығынан айыру) жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жөнінде Атырау қаласындағы сотқа сүйеніп "Ақжайық" сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алғаны үшін 2022 жылы қарашада 7 жылға сотталған. Кейін екі кішкентай баласы барын ескеріп, жазаны өтеуді кейінге қалдырған.

Ол Абай ескерткішін дайындау мен орнатуға келісім жасап, 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталған. Бірақ ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған еді.

Хаменова депутат болған кезде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасыдай ерен тұлға тұрғанда, мен елімнің ертеңіне сенемін» деп мақтау сөздер айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары