СҚО-да 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
19 тамыз 2025 12:38 / Новости Казахстана
Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.Media Halyqstan телеграм-арнасына сілтеп.
Кеше, 18 тамыз күні Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында қайғылы оқиға болды. 17 жастағы жасөспірім турникке асылған күйінде өлі табылды.
– Кәмелетке толмаған баланың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, марқұмның отбасы үлгілі, ешқандай әлеуметтік мәселелері болмаған. Көршілерінің айтуынша, ол ата-анасымен ұрсыспаған, ешкіммен жанжалдаспаған. Қоштасу хат қалдырмаған. Қыркүйек айында 11-сыныпқа баруы тиіс еді.
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана