ШҚО-да ерлі-зайыпты жантүршігерлік жағдайда көз жұмды
13 шілде 2026 17:20 / Новости Казахстана
Түтінге уланып қалған ерлі-зайыпты көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ШҚО Глубокое ауданында жер үйде өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткер қаза тапты.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі жалындаған үйден өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесі жұбайының мәйітін тапты.
«80 шаршы метр аумақта жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
9 қазан 2026 18:45 / Новости Казахстана
Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтып беруін сұрайтындарды сынады
9 қазан 2026 17:30 / Новости Казахстана
Президент волонтерлік мәселесіне қатысты жастар форумын өткізуді ұсынды
9 қазан 2026 16:22 / Новости Казахстана
Дәріханалардағы заңсыз сауда: Тегін дәрілер де, мерзімі өткен өнімдер де сатылған
9 қазан 2026 15:15 / Новости Казахстана
Непал мен Тибетте жоғалған екі қазақстандықтың тағдыры әлі белгісіз
9 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
Алматыда екі AI-орталық ашылады
9 қазан 2026 13:22 / Новости Казахстана