ШҚО мәслихат депутаты 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

20 қазан 2025 16:54 / Новости Казахстана

ШҚО мәслихат депутаты 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты қомақты қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу мәліметінше, компания Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 7 ауданда 11 әлеуметтік нысан салуға бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған.

Жымқырылған 2 млрд теңгеден астам қаржы аффилирленген компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Бұл қаражатқа Астанадағы элиталық пәтерлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes автокөліктері және сирек тұқымды жылқылар сатып алынған.

Күдіктілердің бірі — кәсіпорынның бұрынғы бас директордың орынбасары әрі Күршім аудандық мәслихатының депутаты. Соның салдарынан 4 спорт кешені мен 7 ауылдың су құбыры желісі аяқталмай, 20 мыңнан астам тұрғын инфрақұрылымнан қағылған.

Қазір күдіктілер қамауға алынып, олардың мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары