«Шұбырып не істеп жүрсіңдер?»: Бақыт Сәрсекбаев боксшыларды сынады

31 шілде 2024 20:14 / Новости Казахстана
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Бейжің Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына қатысып жатқан боксшылардың өнеріне көңілі толмайтынын айтты. Боксшы бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жігіттердің физикасы өте нашар. Екінші раундта тыныс алуы қиындап, рингте әзер жүр. Соққылары тым аз. Сериялық соққылар тіпті аз. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп арнайы шақыртылған мамандар қайда қарап жүр? Жалпы ғылыми топ мүшелері қайда? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұра алмайды? Бәрің шұбырып не істеп жүрсіңдер? Сосын тағы бір сұрағым бар: әрбір боксшы лицензия алғаннан кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкерге айтатын сөзім жоқ», - дейді Бақыт Сәрсекбаев.

 

Серіктес жаңалықтары