Сұлтан Сәрсемәлиевтің Балиге қашу сапары

5 маусым 2026 12:34 / Новости Казахстана

Туыстарын аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесінде жаңа жайттар жария болды. Іс дәлелдемелерді зерттеу кезеңіне өтіп, сот отырысында тергеу барысында түсірілген бейнематериалдар көрсетілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кадрларда 2025 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылған сәт бейнеленген. Тергеу дерегінше, олардың денелері жеке үй ауласындағы қора ішінде шамамен 1,3 метр тереңдікке көмілген. Қабірдің үсті линолеуммен жабылғаны анықталған.

Бейнежазбада тергеушілер алдымен отағасының, кейін оның астынан жұбайының мәйітін шығарғаны көрсетілді. Бұған дейін полиция, Ұлттық ұлан және арнайы техника жұмылдырылған іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Жасырын жерлеу орны тек 2026 жылғы 9 наурызда тергеу эксперименті барысында анықталған.

Сот залында көрсетілген кадрлар марқұмдардың туыстарына ауыр әсер етті. Ал айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев бейнематериалдарды үнсіз бақылап отырған.

Сотта күдіктінің Атыраудағы «Дина» базарындағы ломбардқа барған сәті де жария етілді. Бақылау камераларынан оның зергерлік бұйымдар салынған қызыл қорапшаны өткізіп, кейін ақша алып шыққаны көрінеді. Тергеу бұл әшекейлер қаза тапқан отбасының үйінен алынған болуы мүмкін деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары