Шымкент қаласының бас сәулетшісі ұсталды

15 тамыз 2025 12:32 / Новости Казахстана

ҰҚК Шымкент қаласының бас сәулетшісін ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінді.

ҰҚК дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.

Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталу Шымкенттегі қазіргі қызметімен ғана емес, Арман Абдешовтің Жамбыл облысында 2020 жылғы тамыздан 2022 жылғы қазанға дейін сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезеңімен де байланысты болуы мүмкін. Ал 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін ол Тараз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.

Арман Абдешов еңбек жолын 2007 жылы "Сым-Тас Проект" ЖШС-де 1 санатты инженер ретінде бастаған, ал бір жылдан соң техникалық директор қызметіне көтерілген.

Арман Әбдешов басқарманы ақпан айында басқарып тұрған кезде әкім орынбасары қызметіне Руслан Берденов келді. Бір қызығы, Руслан Берденовке оқ жаудырған «Тұрғын үй Шымкент» әкімдік компаниясының директоры Ернар Жиембайдың сотымен тұспа-тұс келіп тұр.

Кеше ғана сотта құрылыс басқармасының қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс жасап, Антикор тарапынан тексерулер жүретінін ескерткенін айтты. Алайда бұл оқиғалардың бір-бірімен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Серіктес жаңалықтары