Шымкент зообағында сирек кездесетін ерекше жануар төлдеді
Шымкент зообағында көгілдір қой (Нахур жануары, латынша Pseudois nayaur) төлдеді. Зоологтардың айтуынша, сирек кездесетін бұл тіршілік иесі халықаралық Қызыл кітапқа енген. Төлдің салмағы бір жарым келіден асып туды. Алғашында тек енесінің сүтін қорек қылса, қазір қосымша жемшөп беріле бастаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
— Көгілдір қой еуропалық хайуанаттар бақтарының коллекциясында сирек кездеседі, сондықтан Шымкент хайуанаттар бағында осы түрдің төлдеуі — үлкен қуаныш, — дейді хайуанаттар бағының қызметкері, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Күнделікті ветеринарлар мен биологтардың бақылауында.
Көгілдір қой Непал, Қытай, Пәкістан және Үндістан аймағындағы Гималай тауларын мекендейді.
Ол 2500-2600 метр биіктіктегі ашық беткейлер мен шөбі қалың үстірттерде еркін қозғала алады.
Тибет тауларында ғана тіршілік ететін көк қойлар бұл зообаққа 2015 жылы әкелінген. Сирек кездесетін аңдар Ресейдің Новосібір қаласынан сатып алынған.
Бұл жануарлар 6 метр биікке секіре алады.