Шымкентте 10 адам қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін сотталды
Шымкентте қаржы пирамидасынының ұйымдастырушылары мен көмекшілеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Сот мәліметінше, Қ. есімді азамат 2024-2025 жылдар аралығында қаржы пирадимидасын әлеуметтік желілерде жарнамалайды. Ол алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтып, адамдардан 600 млн теңгеден аса ақша алған.
Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін А. есімді азаматтың көмегіне жүгінеді. Оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған. Қалған тоғыз сотталушы қаржы пирамидасының қызметі жүріп тұруы үшін ұйымдастырушыға белсенді түрде жәрдемдескен.
Сотталушының кінәсі дәлелденді. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат 10 жылға сотталды. Қалған тоғыз
сотталушыға 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға 1 жыл пробация бақылау тағайындалды.