Шымкентте 8 жастағы қызға тиіскен көпбалалы әке сотталды

24 қыркүйек 2026 10:22 / Новости Казахстана

Шымкентте 8 жастағы қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасаған 56 жастағы ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалған еді. Алайда іс қайта қаралып, сот жаңа үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға биыл 28 сәуірде көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Сот материалдарына сәйкес, ер адам көрші тұратын 8 жастағы қызға шоколад алып беруге уәде беріп, соңынан ерген. Кейін екеуі лифтіге кірген кезде ол балаға ақша ұсынып, өзімен бірге алып кетуге әрекет жасаған.

Қыз ер адамның ұсынысына келіспей, лифттен қашып шыққан. Алайда ер адам оның соңынан еріп, баланы құшақтап, денесіне қол тигізген. Қыз босап шығып, баспалдақпен жоғары қарай жүгіріп, көршілерінен көмек сұраған. Оқиғаның бір бөлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қыздың анасы кейін отбасының қауіпсіздік үшін басқа жерге көшкенін айтқан. Оның сөзінше, оқиғадан кейін бала ер адамдардан қорқып қалған және көшеге жалғыз шығудан қорыққан.

Серіктес жаңалықтары