Шымкентте өрт болған үйден бір адамның денесі табылды

11 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана

Шымкенттің Теріскей шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 67 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Пәтердегі тұрмыстық заттар жанып, өрт төрт шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттан баспалдақ арқылы сегіз адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында бір бала бар.

Оқиға орнына жеткен мамандар өртті жедел сөндірді. Алайда пәтерден 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары