«Шыршаны сәндеуге 800 млн теңге»: Павлодар әкімдігі қомақты қаржыны мерекеге жұмсай ма?

22 қараша 2025 17:41 / Новости Казахстана

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде "Павлодар әкімдігі шыршаны сәндеуге 800 млн теңге жұмсамақ" деген сипаттағы әңгіме желдей есіп жүр. Мұндай ақпарат көпшіліктің наразылығын да тудырғаны рас, деп хабарлайды Arbat.Media inbusiness.kz тілшісіне сілтеп.

Белгілі болғандай, қалалық әкімдікке қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі шынымен жалпы сомасы 791,9 млн теңге көлемінде үш лот жариялаған.

Соған сәйкес, қомақты қаражат мерекелік құрылымдарды орналастыру мен оларға қызмет көрсету, құрал-жабдықтарды тасымалдау, арнайы техникалар мен жұмысшылардың ақысын өтеу мақсатына қарастырылған. Тізімде автокраннан автобусқа дейін ондаған техниканың атауы қосылған.

Басылым тілшісі анықтағандай, нақты шыршаны ғана сәндеп, оған ойыншықтар алу қажет деген мақсат көрсетілмеген. Мұны жергілкті билік өклідері де растады. Ресми мәлімдемеге сәйкес, бұл қаржы жаңажылдық безендіруге жұмсалмайды.

"Аталмыш келісімшарт қалалық сенбіліктер, санитарлық тазалық жұмыстары, құрылымдар, материалдар мен басқа да жүктерді тасымалдауды қарастырады. Техника Павлодар қаласында шаруашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқару кезінде ғана пайдаланылады", - деп түсіндірді қалалық әкімдік өкілдері.

Ал жаңажылдық шыршаны безендіруге алдыңғы жылдарға қарағанда шамамен 8 есе аз сома қарастыру көзделіп отыр. Бірақ қаражаттың нақты көлемі әзірге айтылмады.

Серіктес жаңалықтары