Талдықорғанда отбасылы еркектің істеген сұмдығы ашылды

9 тамыз 2025 18:25 / Новости Казахстана

Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 23 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіден бас-аяғы 223 грамм мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған қаласында өткен түнгі жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі қылмысына күдікті азамат қолға түсті.

Оның шалбарының қалтасынан көк изолентамен оралған үш дана Zip-Lock пакет табылып, ішінен ашық түсті ұнтақ зат тәркіленген.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу барысында жатын бөлмедегі шкафта дәл сондай 101 дана Zip-Lock пакет табылды. Олар түрлі түсті изолентамен (көк, қара, сары, жасыл) оралған.

Жалпы саны – 104 күмәнді пакет. Барлығы бірдей ұнтақ затпен толтырылған.

Тергеу барысында күдіктінің отбасылы екені анықталды – оның әйелі мен кәмелетке толмаған баласы бар. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары