Талдықорғанда жігіті жарақаттаған қыздың жағдайы анықталды
Талдықорғандық дәрігерлер жігіті пышақ жарақатын салған қыздың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы Адина есімді қыздың 27 қазанда соққыға жығылып, мойын тұсынан пышақ жарақатын алғанын мәлімдеген.
«Алғашқы медициналық көмек көрсетілді, мойынның кесілген жарасына, сол жақ білектің кесілген жарасына алғашқы хирургиялық зарасыздандыру жүргізілді. Науқас шок алғандықтан, ауруханаға жатудан бас тартты»,- деп хабарлады басқармадан.
31 қазан күні бойжеткен мойын жарасы аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, бетінің жансыздану сезіміне, мойынның ісінуі және жалпы әлсіздік шағымымен дәрігерлерге қайта жүгінген.
Мойын тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы және мидың компьютерлік томографиясы жасалды. Диагноздары: жарақаттан кейінгі париетальды, оң жақтағы ішкі мойын тамырының неокклюзиялық тромбозы, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Науқас шұғыл түрде хирургиялық бөлімге жатқызылды.
Қазір науқастың жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқас дәрігерлердің бақылауында, емді ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.
Бұған дейін Талдықорғанда жігіт бұрын жүрген қызының тамағын осып жібергені туралы жазған болатынбыз.