Талғардағы жас жігіттің өлімі: Бейнебақылау видео өшірілген бе?

10 қазан 2024 15:00 / Новости Казахстана
Фото: police_almobl|скриншот

Алматы облысының полиция басқармасы Талғардағы жас жігіт қаза болған күні оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар өшірілген деген ақпараттың таралуына ресми жауап берді. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басқарма сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады», делінген Алматы облысы полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Ресми орган хабарлама айғағы ретінде жоғарыдағы скриншотты ұсынған.

Сондай-ақ, полиция басқармасы тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып, жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары