Танымал актер пневмониядан қайтыс болды
2 сәуір 2025 12:11 / Новости Казахстана
Голливудтың танымал актері Вэл Килмер 65 жасында пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы The New York Times басылымына оның қызы Мерседес Килмер хабарлаған.
Ресми дерек бойынша, Килмер алғаш рет 1984 жылы «Өте құпия!» комедиясындағы рөлі арқылы танымал болды. Ол 1991 жылы Оливер Стоунның «Дорз» фильмінде аты аңызға айналған әнші Джим Моррисонның рөлін сомдады. 1995 жылы Джоэл Шумахердің «Мәңгілік Бэтмен» фильмінде Бэтмен/Брюс Уэйннің бейнесін жасап, көрермен жүрегінен орын алды. Сонымен қатар, ол «Топ Ган» (1986) және «Топ Ган: Мэверик» (2022) фильмдерінде Том «Айсмэн» Казанскидің рөлін ойнап, Том Круздың кейіпкеріне алғашында қарсылас, кейін серіктес ретінде танылды.
25 қыркүйек 2026 18:36 / Новости Казахстана
Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты бес лауазымды тұлға ұсталды
25 қыркүйек 2026 17:18 / Новости Казахстана
Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
25 қыркүйек 2026 16:26 / Новости Казахстана
Іздестіру жұмыстары аяқталды: Каспийден тағы 2 сарбаздың денесі табылды
25 қыркүйек 2026 15:25 / Новости Казахстана
Көрші елдер Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты Тоқаевқа көңіл айтты
25 қыркүйек 2026 14:15 / Новости Казахстана
Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге береді
25 қыркүйек 2026 13:30 / Новости Казахстана